Атқарылып жатқан жұмыстар туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев баяндама жасады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрдің мәліметінше, кейінгі жылдары қолға алынған шаралардың арқасында еліміздің орманды аумағының көлемі 5%-ға дейін артып, 267 мың гектарға ұлғайған.
Орманды сақтап қалу мақсатында орман қорғау мекемелерін өртке қарсы техникамен жабдықтау, орман шаруашылығындағы қызметкерлерді әлеуметтік қолдау (тәуекелдер үшін 100% үстемақы төлемі) бойынша бірқатар шара қабылданды.
«Былтыр республикалық және жергілікті бюджеттерден 15,9 млрд теңгеге 526 бірлік өртке қарсы және күзет техникасы сатып алынған болса, биыл еліміздің орман шаруашылығы тарихында алғаш рет 52 млрд теңге бөлініп, 1384 бірлік өртке қарсы техника және 921 тіркеме жабдықтар сатып алынды, оның ішінде 40 млрд теңге лизинг есебінен бөлінді», — деп атап өтті Ерлан Нысанбаев.