Дүйім жұрт АЭС салу бойынша референдумда дауыс береді. Келешекте еліміздің қандай болатыны, қай бағытта дамитыны да осы референдумда анықталады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Егер жауапты сәтте халық АЭС-ке «жоқ» десе, онда билік электр энергетикасын өндірудің басқа жолын іздеуі қажет. Қазіргідей электр тоғының 75 пайызын көмірден алып отырған мемлекет үшін оның көлемі азайту қиынға соғады.
Жоспар бойынша Қазақстан кезең-кезеңімен 2035 жылға дейін жылу электр стансаларының көлемі 17 пайызға түсіру қажет. Бір қарағанда 2035 алыс болашақ секілді көрінгенімен, қыр астында тұрған кезең. Небәрі 10 жылдай уақыт қалды.
Электр энергиясына тәуелділік елімізде күшті. Мысалы, еліміздің Солтүстік, Шығыс және Бастыс аймақтары Ресейдің электр қуатына тәуелді. Егер Украйна тарапынан Ресейдің электр қуатын өндіретін станцияларға қауіп төнетін болса онда электр баяғы 90-жылдардағыдай белгіленген уақытта беруі мүмкін.
"Жалғыз АЭС салумен Қазақстандағы энергетика мәселесі түбегейлі шешіледі деп айта алмаймыз. Дегенмен атом реакторы еліміздің аралық кезеңінде, яғни көмірден бас тартып, жаңармалы энергетика көздеріне көшу кезінде тірек болады. 2035 жылға дейін көмірді 17 пайызға түсіреміз деп жатырмыз ғой. Сол кезде жетіспеген энергетиканы осы атом энергетикасы арқылы өндіреміз. Сөйтіп, біртіндеп күн панельдері мен жел генераторларын көбейтуге мүмкіндік туады", - деді саясаттанушы Талғат Жанысбай.
Ендеше жексенбі күнгі референдум халық үшін тағдыршешті сәт. Қазақстанның келешектегі энергетикалық дамуы қай бағытта өрбитінін анықтайды. Демек, референдум – халықтың энергетика өндірудегі көзқарасын білдірудің жолы десек қателеспейміз.