Еліміздің алты облысы жарықсыз қалды

Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Соның салдарынан Алматы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарында 600 МВт, шамамен тұтынушылардың 10%-ы жарықсыз қалған.

"Зақымдану орнын анықтау үшін «KEGOC» АҚ мамандандырылған бригадасы шықты. Сондай-ақ Жамбыл ГРЭС-ін және Мойнақ ГЭС-ін қосымша жүктеу бойынша шаралар қабылданды.


Қазіргі уақытта ажыратылған тұтынушыларды кезең-кезеңімен қосу жүргізілуде", – делінген хабарламада.