«Қазгидрометтің» болжамынша, 20-22-мамырда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады. Күшті жел соғады.
Аталған аймақтарда ауа температурасы түнде 0-3 градусқа дейін төмендейді. Күндіз 8-10 градусқа дейін жылынады. Синоптиктердің болжамына қарағанда, солтүстік пен солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.