Еліміздің әртүрлі су қоймаларында төрт жасөспірім суға батып кетті

Мәселен, Ақмола облысының Дорофеевка ауылында тоғанда суда жүзіп жүрген 10-жасар ұл суға батып кетті. Баланың мәйітін құтқарушылар тауып алды.

Ал Алматы облысындағы Есік өзенінде 14-жасар қыз суға кетті. Оның мәйіті әзірге табылған жоқ.
Ал Атыраудағы Орал өзеніндегі жүзуге тыйым салынған жерде 13-жасар ұл суға батып кетті. Қазір құтқарушылар баланың денесін іздестіруде.
Тағы бір осындай қайғылы оқиға Оңтүстік Қазақстан облысының Құлан ауылында болды. Су қоймасында жүзіп жүрген 17-жастағы қыз суға ағып кетіп, қыздың мәйітін құтқарушылар тауып алды.