Еліміздің аумағын айқындап, шекарамызды бүтіндеп алу - еліміз үшін айрықша маңызды оқиға - ҚР Елбасы

Н.Назарбаев ата-бабамыздың тарихында еш уақытта болмаған түгел шекараны белгілеп, "халықаралық құқықтық деңгейде ең жақын көршілеріміз - Қытай, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан және Ресеймен арадағы шекарамызды айқындап алдық" , деп атап көрсетті. Бұл жұмыстар 1994-жылы басталған , ал қазіргі жағдаймен біз "халқымыздың тарихында алғаш рет 14 мың шақырымдық мемлекеттік шекарамызды белгіледік",- деді мемлекет басшысы.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын делимитациялау туралы келісімге 2005-жылдың 18-қаңтарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеуге ресми сапары кезінде қол қойылды.