Еліміздің аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері жұмысқа тұрақтамау ағымы белең алды

З.Балиеваның хабарлауынша, қазіргі жағдаймен аумақтық сайлау комиссиялары түгелдей дерлік жасақталды. Дегенмен, "комиссия мүшелерінің басым көпшілігі келмей жатып жұмыстан шығу туралы өтініштер жаза бастады",- деді ол. Сайлау комиссиялары мүшелерінің жұмыста тұрақтамау себебін З.Балиева жұмыс жүктемесінің ауырлығымен түсіндіреді. "Олар жұмыстың үш айға созылатынын, жұмыстың ауырлығын біліп кетіп жатыр",- дейді З.Балиева.

З.Балиева "жоғары сатылы сайлау комиссияларының мүшелері бос орындарға тағайындалатын үміткерлердің кандидатурасын тез арада мәслихаттарға ұсынуы қажет" деп атап көрсетті.