Бұл туралы «КАРАВАН» газетінің тілшісіне осындай қызмет түрін ұсынатын компанияны құрған Қайсар Шыныбаев айтып берді.
Тіпті құдалардың көңілінен шығу үшін оларға тура мағынасында төбесінен түсетіндер де бар екен. Той-чартер деп аталатын мұндай қызмет түрі елімізде 2015 жылдан бері қолданылып жатыр.
«Қалыңдығын әкетуге ұшып бару туралы тапсырыс ең бірінші батыс өңірден түсті. Олар Ақтаудан Алматыға барды. Содан бері қыз ұзату, сырға салу және жабық отырыстарға адам апарып жүрміз. «Джетпен» немесе 500 адам сыятын «Боингпен» ұшуға болады» дейді Қ.Шыныбаев.
Оның айтуынша, бұл қызметтің құны ұшақтың түрі мен класына, жолаушылардың санына, тамағына байланысты. Мысалы, сегіз орындық Cessna-ның бағасы ел ішінде 20 мың доллар. Ал Bombardier CRJ-де Алматыдан Астанаға дейінгі эконом-кластағы 50 орын 15-18 мың доллар болады.