0,10 , ал К2 коэффиценті (жеке капиталдың бірінші деңгейлі жеке капитал активтері мен тәуекелділікті ескерген активтерге қатынасы) 0,17 болды.
Банктердің несиелік қоржынының сапасы 2004-жылғы 1-наурыздағы жағдаймен айтарлықтай өзгере қойған жоқ, деді Е.Бахмутова. Соның ішінде стандартқа сай келетін кредиттер үлесі 62,6%-ті, күмәнді кредиттер 36,4%-ті, үмітсізі - 2,4%-ті құрады. 2004-жылғы ақпандағы жағдаймен, стандартты кредиттер үлесі 61,5%-ті, күмәнді кредиттер 35,4%-ті, үмітсізі - 2,1% болды.
2004-жылғы 1-наурыздағы жағдаймен, Қазақстанда екінші деңгейдегі 35 банк, соның ішінде 2 мемлекеттік ("Қазақстан Эксимбанкі" ЖАҚ мен "Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ) банк, шетелдердің қатысуымен құрылған 16 банк (Қазақстан Республикасының резиденті емес банктердің 10 еншілес банкін қосқанда) пен "Қазақстан даму банкі" жұмыс істеді.