Еліміздің барлық аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады

Қар жауады, тұман түседі және желдің екпіні күшейеді. Әсіресе, бұл құбылыс солтүстік өңірлерде жиі байқалады. Сондықтан көлік жүргізушілердің жолда абай болғаны абзал. Өйткені жылдамдығы секундына 20 метрге жететін желден аттам жерді көру қиынға соғады. Ал, оңтүстік және батыс облыстарда қар аралас жаңбыр жауып, арты көктайғаққа айналуы ықтимал, - дейді синоптиктер.

- Дауылды ескерту бүгін жіберілді. 25 қаңтарда Ақмола және Павлодар облыстарында желдің екіпіні күшейеді және кей жерлерде бұрқасын болады, дейді «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі Саида Бердібекова.