Нәзипа Мұхамеджанова, 5547 Әскери бөлімі әйелдер кеңесінің төрайымы:
- Ұлттық ұлан әскери қызметшілері өздерінің Отан алдындағы борыштарын мінсіз өтеп, әскери анттарына адал болды. Біз Ұлттық ұлан әскери қызметшілері әйелдер кеңесінің атынан марқұм болғандардың отбасыларына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.
Серік Нияз, 55/47 әскери бөлім сарбазы:
- Қаза тапқан әскери қызметшілеріміз мәңгілік халықтың жүрегінде, есінде жүреді деп ойлаймын. Себебі олар өздерінің Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып және соңғы ақтық демі қалғанша сол шабуылда тұра білді.