Еліміздің барлық ірі облыс орталықтарында өзінің дербес есірткі нарығы қалыптасқан - ҚР ҰҚК



И.Советовтың айтуынша, "аталған жағдай мен бүгінгі таңда Орталық Азия аймағының аумағында мемлекеттердің ұйымдасқан қылмыстық құрылымдарын біріктірген тұрақты халықаралық есірткі сатушы желі қалыптасқаны "есірткі экспансиясының қаупін" арттыра түсуде". "Соның салдары іспетті нашақорлық эпидемиялық сипатқа көшті: жылдың басындағы жағдаймен еліміздегі кәмелеттік жасқа жетпеген, 15 пен 17 жас аралығындағы есірткіге тәуелділердің саны өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткішпен салыстырғанда 3 есе, 14 жасқа дейінгілердің саны 5 есе өскен, бұл - тек ресми мәліметтер ғана",- деді ол. Оның айтуынша, іс жүзінде есірткіге тәуелділердің саны түрлі мәліметтерге сәйкес рессми саннан 3-10 есе артық.

Оның айтуынша, "аймақтағы елдер оңтүстіктен қуатты қысымға ұшырауда". "Есірткі саудасымен күреске бағытталған кез-келген шара Ауғанстан проблемасы шешілмейінше тиімді болмайды. Өйткені, қазіргі жағдаймен елімізде таралу ауқымына қарай да, есірткі саудасына бой ұру деңгейіне қарай да Ауғанстаннан шыққан апиын тобына жататын есірткі контрабандасына қатысты қылмыстық әрекеттер айрықша қатер төндіруде",- деді ол.