"Қазір Астана, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары секілді төрт пилотты өңірде денсаулық сақтау саласының біртұтас ақпараттық жүйесі енгізілуде, келешекте бұл жүйеге ел жаппай қамтылады. Қазір құрылып жатқан Денсаулық сақтау саласын ақпарттандырудың ұлттық орталығының негізінде біртұтас телемедициналық желі құрылады, соның арқасында жетекші шетелдік клиникалармен консультациялар жүргізу мүмкіндігі туады", - деді А. Дерновой.
Оның мәліметінше, қазір телемедициналық қызметтерге Қазақстанның сегіз облысының 69 ауданында қол жеткізе алады. "2010 жылы бұл мүмкіндіктерді қалған облыстардың 59 ауданына жеткізу көзделген. Сөйтіп, 2010 жылы телемедицинаға Қазақстанның барлық өңірлері қамтылады", - деді министр.