Еліміздің бас есепшісі анықталды!


Бұндай кәсіби конкурс Қазақстан бойынша тұңғыш рет өтуі. Сондықтан қатысушылар да көп. Бірақ сайыстың аты сайыс. Тек белсенділік танытып қана қоймай, біліктілігін дәлелдеген 193 үміткер іріктеліпті. Соның ішінде «салық, телефон, есеп-қисап кеңесшісі» сынды түрлі номинациялар ерекше аталып өтті. Бас жүлдені қанжығасына байлаған есепші - Светлана Ешимова енді Парижге жолдасымен бірге барып қайтады.