Оның айтуынша, оқиға салдарынан 21 адам зардап шекті, олардың үшеуінің халі ауыр, ал бір адам қаза болды.
«Қазіргі уақытта Алматы қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясы оқыс оқиға бойынша арнайы зерттеу жүргізіп жатыр. Оған барлық мүдделі мемлекеттік органдар, жұмыс беруші мен жұмысшылардың өкілдері тартылған. Осы комиссия жұмысының нәтижесінде болған оқиғаның себептері анықталатын болады, әзірге ешқандай нақты нәтиже жоқ. Жақын арада себептері белгілі болады», - деді ол бүгін Астанада өткен Халықаралық еңбекті қорғау конференциясы кезінде журналисттерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, егер жіберілген қателіктер Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске келетін болса, жұмыс беруші айыппұл төлеуге міндеттеледі. Егер де тергеу жұмыстары барысында қылмыстық іс-әрекеттер әшкереленетін болса, онда құрылыс жүргізуші компания қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
А. Сарбасовтың айтуынша, зардап шеккендер мен қаза болған жұмысшының жанұясы міндетті сақтандыру мен еңбек келісімшартында белгіленген бірқатар өтемақыларды алады.