Еліміздің бас санитар дәрігері ауысты


Ал, бұған дейін 2 жыл бас санитар дәрігер болған Жандарбек Бекшин көктемде аттестациядан сүрінген еді. «А» корпусына өтпей қалған шенеунік қыркүйектің соңына дейін креслосын босатуы тиіс. Бірақ Денсаулық сақтау министрлігіндегілер ол мерзімді аяғына дейін күтуді жөн санамапты. Әзірге Бекшиннің қандай қызметке кеткені белгісіз. Естеріңізге салсақ, Жандарбек Бекшинмен бірге тестілеуден 8 комитеттің төрағасы да сүрінген болатын. Жалпы биылғы күзде әкімдіктер мен ведомстволарда бірден 155 орын босағалы отыр.