Еліміздің бас санитарлық дәрігері мен республикалық СПИД орталығының директоры ВИЧ індетіне қатысты ахуалмен танысу үшін Шымкентке келді

Қалалық әкімшіліктің ақпаратына сәйкес, бүгін А.Белоног пен А.Ерасылованың, сондай-ақ, облыстағы емдеу-профилактикалық мекемелердің жетекшілерінің қатысуымен кеңес өтеді деп күтілуде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысында қазіргі жағдаймен ВИЧ індеті деген диагноз 54 бала мен екі ересек адамда анықталды. Балалар індетті қан ауыстыру және құрамында қаны бар препараттарды құю кезінде жұқтырған деп болжануда. Алайда нақты себебі әзірге белгісіз.

Балалардың індет жұқтыру дерегі бойынша 2006-жылдың шілде айында облыстық прокуратура қылмыстық іс қозғаған. Жуырда істі тексеру құзыры Бас прокурордың аға көмекшісі басқаратын шұғыл тергеу тобына берілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті