Еліміздің басым аумағында жел күшейіп, көктайғақ болады

Синоптиктердің болжауынша, бүгін еліміздің барлық аумағында ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде қар-жаңбыр жауады, оңүстікте және орталықта ауа-райы жауын-шашынсыз.

Кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел – 15-28 м/с, солтүстікте, солтүстік-батыста және шығыста жаяу бұрқасын соғады, деп хабарлайды Вaq.kz.

Ақмола облысының кей жерлерінде күндіз көктайғақ болады, жел күшейеді – 15-20 м/с.

Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, түнде кей жерлерде тұман түседі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз кей жерлерінде жел күшейеді – 15-20 м/с.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.


Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде бұрқасындатады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді – 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, тұман түседі, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, тұман түседі, жел күшейеді – 15-20, түнде оның екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.