Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады


Түнде аяз білінгенімен, күндіз жылы. Дегенмен, синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғуы ықтимал. Шығыс, орталық және оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болмағанымен, ауа температурасы күрт төмендейді. Түнгі уақытта 33 градусқа дейін суытады. 

- Ертең елордамыз Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнгі ауа температурасы – 17-19, күндіз 9-11-ді құрайды. Ал 8 ақпанда таңертең және күндіз қар жауады. Бұрқасын болады. Және желдің күші 15-20 м/с дейін болуы ықтимал. Түнгі ауа температурасы – 20-22, күндіз 13-15-ті құрайды. 9 ақпанда көшпелі бұлтты. Кей уақыттарда қар жауады. Түнгі ауа температурасы және күндізгі ауа температурасы 13-15-ті құрайды, дейді «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі Айдана Абыхан.