Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәліметіне сүйеніп, Caravan.kz хабарлады.
Циклон соңына қарай Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжиған антициклон жауын-шашынның аяқталуына әсер етеді, 8 мамырда оңтүстікте, 8-9 мамырда орталық және шығыста, 9 мамырда солтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашынның тоқталуы күтіледі. 10 мамырда кезекті циклонның әсерінен бұл өңірлерде қайтадан жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Кезең бойы Қазақстанның батыс мен солтүстік-батыс облыстары атмосфералық фронтардың әсерінде болғандықтан, өкінішке қарай, бұл аймақтарда бұлтты, жауын-шашынды ауа-райы күтіледі.