Еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

Кей жерлерінде көктайғақ,тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, желдің екпіні 15-23 м/с-ге жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Маңғыстау, Атырау, облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.


Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, желдің күшеюі 15-20 м/с, күндіз көктайғақ болады.