Caravan Logo

Еліміздің басым бөлігінде қайтадан жаңбыр жауа бастайды

Еліміздің басым бөлігінде қайтадан жаңбыр жауа бастайды

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Sputnik хабарлады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде, күндіз өңірдің басым бөлігінде жел соғады — 15-20, ұйытқуы — 23 м/с.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, күндіз Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні — 15-20 м/с, Жамбыл облысында ұйытқуы — 23 м/с.

Қостанай облысында кей жерлерде тұман,  жел — 15-20 м/с.


Қарағанды облысында түнде кей жерлерде тұман, күндіз желдің екпіні — 15-20 м/с. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.