Мәселен, 22-ақпанда Батыс Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасындатады, кей жерлерде қатты боран соғады, желдің жылдамдығы секудына 17 - 22 метрге жетеді.
22 - 23-ақпанда күндіз Ақтөбе облысында, 23-ақпанда Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында қар жауып, бұрқасындатады, кей жерлерде қатты боран соғады. Желдің жылдамдығы секудына 17 - 22 метрге, кей жерлерде 24-29 метрге жетеді.
Ақмола, Павлодар облыстарында 23-ақпанда қар жауып, бұрқасындатады, кей жерлерде қатты боран соғады. Желдің жылдамдығы секудына 17 - 22 метрге, кей жерлерде 24-29 метрге жетеді.
23-ақпанда күндіз және 24-ақпанда тәулік бойы Шығыс Қазақстан облысында боран соғады, кей жерлерде қатты бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы секудына 24-29 метрге жетеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті