Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр әлі де жалғасады


Қазақстанға Ресейдің Еуропалық бөлігінің орталық аудандарынан жаңа атмосфералық фронттар жылжуда. Республика аумағы арқылы жиі және тез қозғалған фронттардың ауысуы - Атлантиканың  тропосферада орныққан ылғалды ауа массасының батыс-шығыстық көшуімен  байланысты. Сондықтан алдағы үш тәулікте көптеген облыстарда жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ пен қатты дауылды жел болады, оңтүстігі және шығыстың таулы аудандарда қатты жаңбыр болуы мүмкін. Осы ретте ауа тепмературасы климаттық нормаға жуық және төмен болады деп күтілуде.