«Қазгидромет» РМК ақпаратынша, Ақмола, Павлодар, күндіз Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Қостанай, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында жел тұрады.
Күндіз Қызылорда облысында, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде ыстық болады. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында аптап ыстық болады деп болжануда.
Астанада көшпелі бұлт шығып, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +24+26°С.