Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмағанымен, кей жерлерде жел тұрып, тұман түседі

Жамбыл, Алматы облыстарында кей жерлерде тұман, жел 15-23 м/с. Шығыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, түнде Ақтөбе, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ.

Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с.