Еліміздің батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде бүгін де жаңбыр жауады


Қазақстан аймақтарында 19 сәуірде болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау-консультациясын жариялаған "Қазгидромет" РМК осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі. 

Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман бақыланып, желдің  15-20 м/с күшеюі күтіледі.Түнде және таңертең  Оңтүстік Қазақстан, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады. Түнде Алматы, түнде және таңертең  Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.