«Қазақстанның музыка өнері ауыр қазаға ұшырады. 75 жасында белгілі опера әншісі, Қазақстанның халық әртісі Бақыт Әшімова көз жұмды», - делінген бейсенбі күні ресми баспасөзде жарияланған некрологта.
Б.Әшімова 30 жылдан астам уақыт бойы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында өнер көрсетті. Зейнетке шыққаннан кейін де радиода, педагог-репетитор болып жұмыс істеді.