Еліміздің бір топ саясаткерлері, өнер қайраткерлері мен бизнесмендер жер сілкінісінен зардап шеккен Райымбек ауданына көмек көрсетпекші

Жұмыс тобы 2004-жылдың 16-қаңтарында Сүмбе ауылына аттанғалы отыр.

Осындай шара ұйымдастыру туралы бастаманы "Отан" партиясы төрағасының міндетін атқарушы Амангелді Ермегияев көтерді.
Жұмыс тобының құрамына Алматы облысы Райымбек ауданының төл тумалары Серік Әбдірахманов, Нұрлан Оразалин, Заманбек Нұрқаділов, Баққожа Мұқаев, Есмұхан Обаев сынды танымал адамдар қамтылған.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 1-желтоқсанда таңертеңгі 7 сағат 40 минутта Алматы және Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 300 шақырымда, Нарынқолға таяу жерде ҚХР аумағында болған. Сілкініс ошағында 7 баллдық, ал Алматыда 4 баллдық жер асты дүмпуі тіркелді.
Жер сілкінісі салдарынан облыстың Ұйғыр және Райымбек аудандарында бірнеше ғимараттар мен үйлерге ақау түсті. Жер сілкінісінен Қазақстан аумағында құрбан болғандар тіркелген жоқ.