Қостанайда өткен жүзу бойынша Қазақстан Республикасы біріншілігіне облыстардың 14 құрама командалары қатысты.
Закир Батрединов (шалқалап 50, 100, 200 метр қашықтықта жүзу бойынша) және Ришат Рачапов (50, 100, 200 метр қашықтықта еркін жүзу бойынша) 3 алтын медальдан ұтты. Сондай-ақ Мария Алекрицкая (50, 100, 200 метр қашықтықта кеудемен жүзу бойынша) және Диана Айғалиева (100, 200 метр қашықтықта баттерфляй әдісімен жүзу бойынша) қола медальмен алға шықты. Айта кетейік, олар - Тараз қаласы №4-ші облыстық балалар спорт мектебінің тәрбиеленушілері.