Еліміздің бірнеше облысында жер сілкініп халық далаға қашқан

Үрейленіп қалған тұрғындар жарты сағатқа дейін ғимараттарға кіргізілген жоқ. Шымкентте жер сілкінісі 4 баллға дейін жетсе, жамбылдықтар 3 баллдық дүмпуді сезген. Сондай-ақ, Қызылорда облысының оңтүстік-шығысында да 3-4 балдық сілкініс сезілді. Жұрт дүрліккенімен, қираған ғимарат пен зардап шеккендер жоқ. Қазір жер сілкінісіне байланысты толық ақпарат жиналып жатыр. Ал Ауғанстанның өзінде жойқын зілзаладан жүздеген ғимарат жермен жексен болды. Үйінді астында қалып, қаза тапқандар көп.

Loading...