Еліміздің бірқатар министрліктері мен мекемелерінде тағайындаулар жасалды

Қаулыға сәйкес Мұхтар Тілеуберді ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары, ал Ғани Өзбеков қаржы министрінің орынбасары болып тағайындалды.

ҚР ақпаратттандыру және байланыс Агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына Асқар Жұмағалиев бекітілді.
Сондай-ақ ҚР көлік және коммуникация министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы қызметіне Алмас Қосынов, Азаматтық авиация комитетінің төрағасына Алматбек Мәмбетов, автожолдар және инфрақұрылымдық кешен құрылысы жөніндегі комитет төрағасы болып Ерік Сұлтанов тағайындалды.
ҚР мемлекеттік сатып алу жөніндегі Агенттігі төрағасының орынбасарлары болып Тоқтарбай Қадамбаев, Ғасал Мусин, Александр Черепановтар тағайындалды.