Еліміздің екі облысында дабылды ескерту жарияланды

Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында дабылды ескерту жарияланды.

"Шығыс Қазақстан облысы бойынша 12 тамызда жаңбыр, кей жерлерде найзағай, бұршақ, дауыл, жел екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Өскемен қаласы бойынша 12 тамызда түнде жел 15-20 м/с-қа күшейеді", — деп хабарлайды Қазгидромет.

Күндіз 12-ші тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с күтіледі.