Еліміздің екі облысында жол қозғалысы шектелді

ШҚО-да  (қар, боран, жол көрінбеу) «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожол учаскесінде (105-123 км), «Семей-РФ шекарасы» (0-64 км), «Бородулиха-Жезкент» (28-49 км) автожол учаскелерінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

Сондай-ақ, Қарағанды облысында да ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, көктайғақ) қозғалыс мына бағыттар бойынша автокөліктің барлық түрлері үшін жабық:

          - "Рождественка-Киевка-Теміртау" автожолы (51-266 км);


          - "Жезқазған-Петропавл" автожолы (0-240 км);

          - "Карағанды-Аягөз-Бұғаз" автожолы (17-320км);

          - "Қалқаман-Баянаул-Ботақара" автожолы (0 - 93км).