Еліміздің екі облысында жол жабылды


9 желтоқсанда боран салдарынан жолдың нашар көрінуіне байланысты Ақмола облысында «Алматы-Екатеринбург» (856-917 км) тас жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді. 
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында «Шемонаиха - Ресей Федерациясы шекарасы» тас жолының облыстың маңызға ие бөлігі барлық көлік түрлері үшін жабық, деп хабарланған ҚР Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында.