Еліміздің елшілері шетелдік жетекшілерге Қазақстан президентінің ел халқына арнаған жолдауын таныстыруда

Кездесу барысында Қазақстандық елші БҰҰ өкіліне ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауының басты бағыттарын таныстырды. БҰҰ ЭСКАТО атқарушы хатшысы Қазақстанның қол жеткізген табыстарын жоғары бағалады. Әсіресе өзара етене жақын экономикалық интеграцияға бағытталған Орталық Азия елдерінің одағын құру идеясы жоғары бағаға ие болды.

Ким Хак Су өзі басқаратын ұйым Қазақстанның Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған талпыныстарын одан әрі қолдайды деп сендірді. Тараптар сондай-ақ БҰҰ-ның ЭСКАТО және БЭК комиссиялары атқарушы хатшыларының 2005-жылғы наурыздағы Қазақстанға жасайтын сапарының маңызын атап өтті.