Еліміздің ең қарт студенті дипломдық жұмысын сәтті қорғады

Белгілі сазгер Ілия Жақановтың үйі шағын көрме тәрізді. Қылқаламға бала кезінен әуес ақсақал қолы қалт еткенде табиғат аясында сурет салуды ұнатады. Диплом алып, кәсіби суретші атанбақ болғанда маңайындағылар мұнысын құптай қоймапты. Бірақ, бойдағы шабыттың арқасында жұрттың қаңқу сөзін елеген жоқпын дейді.

Ілия Жақанов, сазгер, мәдениет қайраткері:

-1944 жылдан бала кезімнен басталған өмір бақи сурет салып жүрдім. Жай ғана ол, бір әншейін өзімнің бір толғанысты, әр нәрсеге қызыққан, табиғатқа, өзімді толғандырған не нәрсе болса соған қарап, содан алған әсерді салып жүрдім.

Студенттердің арасындағы ең жасамысы болғандықтанба, Ілия Жақановтың дипломдық жұмысын қорғауы әдеттегі шаралардан сәл өзгеше өтті. Өйткені, 78 жасында оқу бітіру шыны керек, екінің бірінің қолынан келе бермейтін ерлік. 

Бейбіт Мамраев, Х.Досмұхамедов атындағы АМУ ректоры:

-Бұл кісі профессор болса да, бұл кісі музыкавед, жазушы, атақты компорзитор болса да, өзінің жаңағы ішкі табиғи таланттарын ашып, сол сол таланттарын елге, халыққа көрсете білетін азамат.

Композитор бұл дипломды мақтан үшін емес, өнерін ұштау үшін алғанын айтады. Бейнелеу өнері қалтарысы көп, жұмбақ әлем. Оны тек түйсігі бар адам ғана түсінеді. Ал қарт студенттің қолынан мұның бәрі де келеді дейді Жақановтың жетекшісі.


Қамбарбек Аманов, Ілия Жақановтың дипломдық жұмысының жетекшісі:

-Мен өзім дипломдық жұмысының жетекшісі болдым. Оған көзім әбден жетті. Біз бір жылдай дайындалдық диплом жұмысына. Диплом қорғағандағы көрсеткен жұмыстары алдағы уақытта мына жас суретшілерге, жастарға үлкен жаңағы үлгі.

Төңірегін тануға құштар танымал сазгер, жазушы, музыкатанушы ғалым, енді 5 минутсыз кәсіби суретші осылайша тағы бір белесті бағындырды. Оқу -өмірінің мәні дейді өзі. Алдағы айда енді көп күттірген дипломы да қолына тимек.