Еліміздің футзал құрамасы әлемдік рейтингіде 27 орында


«аlaman.kz» ұлттық спорт порталының мәліметіне қарағанда, кестенің бірінші орнында Бразилия ұлттық құрамасы тұр. Содан кейін Испания, Италия, Иран мен Россия деп тізбектеле береді. ТМД елдерінің арасында Украина, Әзербайжан мен Беларусь алдымызды орап кетті. Ал 2011 жылғы Еуропалық рейтингіде Қазақстан Польшаның алдына шығып 17 орынға ие болды.