Тартысты өткен ойын барысында еліміздің құрамасы қонақтардан 32-26 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, кеше Алматыда 21 жасқа дейінгі жас қыздар арасында Халықаралық Гандбол федерациясының құрлықтық ауыспалы Трофей жүлдесі үшін жарыс басталды. Оған Конго, Куба, Финляндия, Қазақстан елдерінің командалары қатысады. Жарыс аясында турнирге қатысушы делегациялардың төрешілері мен жаттықтырушыларына арналған семинарлар ұйымдастырылады.
«Ауыспалы Трофей» жүлдесі - Халықаралық Гандбол федерациясының әйелдер мен ерлер командасы ойыншыларының шеберліктерін шыңдау үшін, сонымен қатар жаттықтырушылардың, денешынықтыру пәні оқытушылары мен төрешілердің біліктіліктерін жетілдіру мақсатында халықаралық федерациялармен және жергілікті ұйымдастырушылармен бірлесіп өткізетін ресми іс-шара.
ХГФ-ның «Ауыспалы Трофей» жаңа жобасы өткен жылдың басында ұйымдастырылған болатын. Жобаның мақсаты - 2011 жылдың соңында «Халықаралық Гандбол федерациясының ауыспалы Трофейі» атты жарыстың құрлықаралық кезеңін өткізу.