Еліміздің кей өңірінде бұршақ жауады

Республика аумағына Таймыр аудандарынан келетін терең және ылғалды циклон ықпал етеді, соның әсерінен жаңбыр, екпінді жел тұрып, ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Кей жерлерде найзағай, жеке аудандарда - қатты жаңбыр, бұршақ және екпінді жел болуы мүмкін. Солтүстік және шығыста ауа температурасы +12...+17 дейін төмендейді, кей жерлерде +23...+28 жылы, батыс пен оңтүстікте +23...+28, кей жерлерде +33 градусқа дейін жылы болады.

Астанада 10 тамызда: Көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынды, бұршақ жауып, жел тұрады. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екіпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +23+25°С.

11 тамызда: Көшпелі бұлт шығады, күндіз күн күркіреп, аздап жауын жауады. Бұршақ жауып, жел тұрады. Солтүстіктен 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +15+17°С.


12 тамызда: Көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +17+19°С.