Атмосфералық ауа ағынының өтуіне байланысты Қазақстанның кей жерлерінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Қазақстанның батысында, оңтүстік-батыспен солтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде бұршақ, дауыл болуы ықтимал. Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді, бұршақ жауып, дауыл болуы ықтимал. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейіп, бұршақ, дауыл болуы ықтимал.
Алматы облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ жауып, дауыл болуы ықтимал. Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады, түнде және таңертең дауыл болуы мүмкін. Күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады, дауыл болуы ықтимал.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ақтобе, Қарағанды Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Алматы облыстарырының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Атырау, Батыс Қазахстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.