Еліміздің кей жерлеріндегі ауа райы бүгін-ертең жаңбырлы болуы мүмкін

Өткен тәуліктерде  ауа-райының ыстық 32 ... 39,  кей жерлерінде  максималды 40...43 градус температурасы Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарында байқалады. Осы кезеңдегі осындай ауа температурасының 5-7ºС жоғары болуы әдеттегідей, деп хабарлайды Caravan.kz "Қазгидромет" РМК-на сілтеме жасап.

Осы аймақтарда, алдағы үш тәулікте атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты ыстықтың төмендеуі күтіледі, кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай жарқылдап, дауылды жел 15-25м/с соғып, кей жерлерде бұршақ болуы ықтимал.

Республиканың қалған аймағында Поволжьеден жылжып келе жатқан, салқын фронттардың әсерінен,  сондай-ақ жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ пен қатты екпінді жел болады деп болжануда. Температура төмендеп, климаттық нормаға жақын болады.