Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қала аумағында тәулік бойы 10-нан 15-ке дейін қар жинайтын техника жұмыс істейді. Бірінші кезекте жолаушылар көлігі мен қоғамдық маңызы бар объектілерге баратын жолдар тазартылады.
Алайда, істеліп жатқан жұмысқа қарамастан, орталық жолдардың өзін қардан тазартып үлгермей жатыр. 27 қаңтарда бір көшеде екі жолаушы автобусы қардан қозғала алмай, бір орында тұрып қалды.
Алтай тұрғындарына жаяу жүру мұң болып отыр. Көшелерді тазаланғаннан кейінгі қар шашылып, тау-тау үйіндіге айналған. Қардың биіктігі кейде метрден жоғары. Бұл жағдай полиция қызметкерлерін алаңдатып отыр.