2004 жылғы маусым айында Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері ағымдағы бағамен алғанда 1,3%-ке өсіп, 6631,3 млн. долларға жетті. Ұлттық банктің ішкі валюта рыногында валюта сатып алуы және ҚР қаржы министрлігінің есепшоттарына валюта аударылуы таза валюта қорларын 81,6 млн. долларға толықтыруға жағдай жасады. Алтын түрінде сақталып отырған активтер Ұлттық банк жүргізген операциялар мен әлемдік нарықтағы алтын бағасының 0,03%-ке арзандауына байланысты 1,6 млн. долларға өсті.
Ұлттық банктің таза халықаралық резервтерінің өсуі 2004 жылғы маусымда ақша базасының 7,8%-ке ұлғайып, 388,5 млрд. теңгеге жетуіне себеп болды.
Сондай-ақ, 2004-жылғы мамырда ашқа массасы 5,2%-ке өсіп, 1147,5 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Банк жүйесінің ішкі активтерінің 8,3%-ке, сыртқы активтерінің 2 процентке өсуі ақша массасының ұлғаюына әсер еткен негізгі фактор болды.
Айналымдағы қолма-қол ақша (М0) мамырда 1,4%-ке 260,5 млрд. теңгеге, ал банк жүйесіндегі депозиттер ақша массасының құрамында 6,4%-ке 887,0 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Мамырда айналымдағы қолма-қол ақшамен салыстырғанда депозиттердің өсу қарқынымен алға шығуы ақша массасы құрылымындағы қолма-қол ақша массасы үлесінің 23,6%-тен 22,7%-ке дейін төмендеуіне себеп болды. Ақша массасымен салыстырғанда ақша базасы өсу қарқынының алға шығуы ақша мультипликаторының 3,45-тен 3,18-ге дейін төмендеуіне әсер етті.