Еліміздің халықаралық резервтері 2004-жылдың наурыз айында 2,2%-ке өсіп 9432,9 млн. долларға жетті

2004 жылғы наурыз айында Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері ағымдағы бағамен алғанда 2,6%-ке өсіп, 5685,8 млн. долларға жетті. Ұлттық банктің ішкі валюта рыногында валюта сатып алуы және ҚР қаржы министрлігінің есепшоттарына валюта аударылуы таза валюта қорларын 87,1 млн. долларға толықтыруға жағдай жасады. Алтын түрінде сақталып отырған активтер Ұлттық банк жүргізген операциялар мен әлемдік нарықтағы алтын бағасының өсуі нәтижесінде 57,2 млн. долларға немесе 7,8 процентке өсті. Ұлттық банктің таза халықаралық резервтерінің өсуі 2004 жылғы наурызда ақша базасының 5,8%-ке ұлғайып, 325,6 млрд. теңгеге жетуіне себеп болды.

Сондай-ақ, 2004-жылғы ақпанда ашқа базасы 3,1 процентке, немесе, 307,8 млрд. теңгеге жетті.
2004-жылғы ақпанда ақша массасы 4,8%-ке 1016,3 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Банк жүйесінің ішкі активтерінің 9,1% өсуі ақша массасының ұлғаюына әсер еткен негізгі фактор болды.
Айналымдағы қолма-қол ақша (М0) ақпанда 4,4%-ке 241,3 млрд. теңгеге, ал банк жүйесіндегі депозиттер ақша массасының құрамында 4,9%-ке 775,1 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Ақпанда айналымдағы қолма-қол ақшаның озық қарқынмен өсуіне депозиттердің өсу қарқынымен салыстырғанда ақша массасы құрылымындағы депозиттер үлесінің 23,8%-тен 23,7%-ке дейін азаюы себеп болды. Ақша базасымен салыстырғанда ақша массасының озық қарқыны ақша мультипликаторының 3,25-тен 3,30-ға дейін ұлғаюына себеп болды.