Еліміздің хоккейден қыздар құрамасы Азиадада қолаға ие болды


Жапониядағы қысқы ойындар аясында өткізілген қыздар арасындағы хоккей турнирі айналма жүйесі негізінде болды, яғни алты қатысушы команда бір-бірімен кезекпе-кезек ойнап шықты, деп хабарлайды Sputnik.

Қазақстан құрамасы жапон және қытай қыздарынан ұтылып қалды. Бірақ қалған үш матчта қарсыластарынан басымдылық танытты.  Ал, Қазақстанның ерлер командасына келер болсақ, жігіттеріміз Азиада чемпиондығынан үміткер болып отыр. Жарыстың соңғы ойынында 26 ақпан күні қазақстандықтар Жапония құрмасын жеңсе, алтын жүлдені қанжығаларына байлайды.