"Үкімет бекітіп сараптамаға жіберген концессиялық 18 жобаның 16-сы біздің министрліктің жобасы. 3-4 жоба бойынша концессионерлерді анықтауға бағытталған байқау процедуралары осы жылдың мамыр айында басталады",- деді С.Ахметов. Оның айтуынша, аталмыш жобалар бойынша "тиісті құжаттарды дайындау жұмыстары қазір жүргізіліп жатыр".
Концессиялық негізде жүзеге асырылатын жобалардың арасында "Ералиево - Құрық және Маңғышлақ - Баутино темір жол желілерін тарту, Мақат - Қандыағаш темір жол учаскесін электрлендіру, Ақтау әуежайын жөндеу жобалары бар".
"Биыл біз концессиялық негізде жүзеге асырылатын күрделі жобаларға бюджеттен тысқары қаржы көздерін тартуға баса назар аударатын боламыз. Біз темір жол, автожол және басқа да салаларда инвесторлардың ынтасын тарта алатындай аса қызғылықты жобаларды жасауға тиіспіз",- деді министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті