Еліміздің көптеген өңірлерінде тұқым себу науқаны аяқталып келеді

Ауылшаруашылығы министрлігінің ақпаратына сәйкес, Ақмола облысында егіс алқаптарының 88 проценті, Солтүстік Қазақтан облысында 93,2 проценті, Қостанай облысында 95,3 процентіне тұқым себілді.

Алматы және Қарағанды облыстарында егістік науқаны аяқталуға жақын. Жамбыл облысында жоспардағыдан 5,8 процентке артық тұқым себілді.
2005-жылы дәнді дақылдарға арналған жалпы егістік алқаптарының ауқымы 13,79 млн. гектарды құраса, бидайға 10,96 млн. гектар, сұлыға 1,239 млн. гектар, дақылдық жүгеріге 91,9 мың гектар, күрішке 78,4 мың гектар алқап арналды.
Майлы дақылдарға 543,3 мың гектар, соның ішінде күнбағысқа 371,9 мың гектар, сафлорға 122,5 мың гектар, соя бұршағына 32,1 мың гектар бөлінді. Қант қызылшасына 19 мың гектар алқап , мақта дақылына 185 мың гектар алқап арналған.