Еліміздің миграциялық заңдылығын бұзған Өзбекстанның 15 азаматы ұсталды

«Қапланбек» бақылау-өткізу бекетінің маңайынан елімізде болу тәртібін бұзған Өзбекстан Республикасының 15 азаматы ұсталды, деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен. 


Ұсталғандардың барлығына ҚР Әкімшілік-құқықтық тәртіп бұзушылық кодексінің 517-бабының 2-тармақшасы бойынша айыппұл салынды.