Отандық кино әлемінің тарланы Асанәлі Әшімов пен белгілі скирпкашы Жәмилә Серкебаева бір сайлау учаскесінде тіркелген екен. Әнші Айқын Төлепберген мен тағы бір әртіс Фархад Абдрайымов та қалаған үміткеріне қолдау білдіріп, белсенділік танытты. Сондай-ақ, белгілі әнші Қайрат Нұртас та Елордадағы сайлау участкелерінің бірінде өз таңдауын жасады. Ал атақты «Досмұқасан» ансамблінің мүшесі Ақжол Мейірбеков дауыс беруге әйелі мен немересін ертіп келген. Әнші бірде бір сайлаудан қалмағанын мақтанышпен айтты.
Ақжол Мейірбеков, әнші:
-Біреу бүгін жұмыс сапарымен бір жерге кетті. Біреуі ұйқыдан енді тұрды. Түнгі қызметтен келген. Қазір келіп дауыс береді. Келінім келеді. Біз немеремізбен келдік. Бұл дәстүр.
Loading...